"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, ал оңтүстік-шығыста 16-18 қыркүйек аралығында қатты нөсер күтіледі. Тек батыс аймақтарда ғана құрғақ әрі жылы ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейеді деп болжануда. Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін.
Ауа температурасы айтарлықтай ауытқиды: түнде солтүстік және шығыс аймақтарда +1…+6 градусқа дейін төмендесе, күндіз батыста +28 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +18 градусқа дейін, ал күндіз шамамен +25 градус күтіледі.