Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

196

Республика бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады? Фото: canva.com

Еліміздің негізгі бөлігінде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы және желді ауа райы сақталады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, еліміздің солтүстігінде түнгі сағаттарда жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр, оңтүстікте дауыл күтіледі", - деді спикер.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, 4 облыста гидрологиялық дауылды ескертулер сақталып отыр.

"16 сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша ескерту жарияланды. Абай облысы мен ШҚО бойынша дауылды ескерту бар, мұнда еріген су және беткейлік ағындардың қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі. Қостанай облысында 17 сәуірге дейін облыстың солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 16 сәуірге дейін таулы және тау бөктеріндегі аудандарда көлбеу ағынның қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу