Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады

303

Қазақстанда 6-8 қазан аралығында елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.   

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады Фото: kaztag.kz

Дегенмен оңтүстік аймақтарда күн 22 градусқа дейін жылы болады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" болжамына сілтеме жасап.

Синоптиктер жаңбыр, қар аралас жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюін болжап отыр. Түнде және таңертең тұман түседі.

Ең төмен температура елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде тіркеледі. Түнде ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0…+5 градус аралығында болады. Сонымен қатар қысқа мерзімді жылыну болжанып, түнде +13, күндіз +20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр аралас қар жауып, бұрқасын соғуы ықтимал.

Батыста ауа райы әлдеқайда жылы болады. Түнде +2…+12, күндіз +17…+22 градусқа дейін көтеріледі.

Орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+7, күндіз +2…+15 градус аралығында болады. Бұл аймақтарда да жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жаууы мүмкін.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнгі температура +2…+8-ден +5…+10 градусқа дейін, күндіз +12…+17-ден +17…+22 градусқа дейін болады. Таулы аймақтарда түнде 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы +4…+14 градусқа дейін жоғарылайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу