Алдағы күндері Қонаев қаласында қайта дауыл cоғуы мүмкін

556

Табиғи апаттан қалпына келтіру шаралары толықтай қалалық әкімдіктің есебінен жүзеге асырылады.  

Алдағы күндері Қонаев қаласында қайта дауыл cоғуы мүмкін Фото: egemen.kz

Қонаев қаласында коммуналдық және жедел қызмет мамандары жойқын желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданды. Қазіргі таңда ақаулар толықтай қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға 300-ден астам адам мен 60-тан аса арнайы техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 30 тұрғын үйдің шатырына зақым келген. Аумақтарды тазалау жұмыстары аяқталып, қалпына келтіру шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Пәтер иелері кооперативтері қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп, шатырларды және инфрақұрылым нысандарын жөндеуге атсалысуда.

"Қала аумағында қатты жел түні бойы соғып, түске дейін сақталды. Табиғи құбылыстың салдарынан зардап шеккендер жоқ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп тіркелмеді. Жедел штаб құрылып, барлық қызметтер жұмыс істеуде. Тұрғындардан түскен барлық өтінімдер бақылауда, бірде-бір мекенжай назардан тыс қалмайды. Қала тұрғындарын ауа райы болжамдары мен Құтқару қызметінің ескертулерін қадағалауға шақырамыз", – деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.

Құтқару қызметі алдағы күндері желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшеюі мүмкін екенін ескертіп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу