Алдағы мерекелерге орай қосымша 7 пойыз жолға шығады

1992

Сұраныс көп бағыттарға 70 қосымша вагон жалғанбақ.

Алдағы мерекелерге орай қосымша 7 пойыз жолға шығады

Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов алдағы мерекелердің қарсаңында теміржол тасымалы қалай ұйымдастырылатынын айтты.

"Желтоқсан, қаңтар мерекелеріне  арнап қосымша маршруттар аштық. Яғни, сұраныс жоғары бағыттарға қосымша маршруттарды мейлінше көбірек шығарамыз. Оған қоса пойыздарды барынша тиімді пайдалану үшін маршруттарды өзгерту жоспарлануда. Осылайша қолданыстағы теміржол құрамы сұраныс жоғары бағыттарға көбірек тартылады. Жетоқсан мерекелерінде сұраныс жоғары пойыздарға күніне 50-70 вагон жалғаланатын болады. Иелігіміздегі вагондар паркі түгелдей тасымалға атсалысатын болады. Осы арқылы жолаушылардың сұранысын мейлінше ақанағаттандырамыз деп ойлаймын", – деді ол.

Акционерлік қоғам өкілі қосымша жолға шығатын 7 пойыздың көбі Нұр-Сұлтан қаласынан оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерге қатынайтынын айтады.

"Ал күн сайын сұраныс жоғары пойыздарға жалғанатаын қосымша вагондар 13 желтоқсаннан қаңтар айындағы каникул аяқталғанға дейін жұмыс істейді", – деді ол.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу