Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

111

Алдағы күндері республика аймақтарының көбінде ауа райының тұрақсыз болуы күтілуде.

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды Фото: canva.com

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, күнтізбелік көктемнің басталуымен еліміздегі ауа райы солтүстік-батыс циклондарының әсерінен қалыптасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Жаңбыр, қар жауады. 5-6 наурызда еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", – делінген болжамда.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша желдің күшеюі, мұз басу, тұман, ал солтүстік аймақтарда – боран болатынын хабарлады.

"Еліміздің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу