Алдағы үш жылда мал басы қаншаға жеткізілетіні айтылды

1053

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуына қарағанда, егіс алаңдары ұлғайтылып, мал басы көбейтіледі. Бұл өнім өндірісі көлемін арттыру үшін атқарылады.

Алдағы үш жылда мал басы қаншаға жеткізілетіні айтылды

"Мәселен, үш жыл ішінде майлы дақылдар алаңдарын үш млн гектардан 3,5 млн гектарға дейін, картоп алаңдарын 200 мың гектардан 215 мың гектарға дейін, жемдік дақылдарын 3,6 млн гектардан 4,2 млн гектарға дейін ұлғайту жолымен өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізілетін болады. Сондай-ақ үш жыл ішінде ірі қара мал басы тоғыз млн басқа дейін, ұсақ мал 20,1 млн басқа дейін, жылқы басы төрт млн басқа дейін ұлғайтылады", – дейді министр.

Оның сөзіне сүйенсек, картоп, көкөніс пен жеміс сақтау жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру 2022 жылы сақтау қуатын 98,3 мың тоннаға, 2023 жылы – 104,5 мың тоннаға, 2024 жылы – 19,6 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу