Алдағы үш жылда Ұлттық қордан алынатын трансферт көлемі белгілі болды

237

Бұл соңғы екі жылдың көлемімен салыстырғанда екі есе төмен.   

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан алынатын трансферт көлемі белгілі болды Фото: Владимир Третьяков

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026-2028  жылдарға арналған макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлерінің үш жылдық болжамы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық қор мен республикалық бюджеттің параметрлері. Осы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының басты ерекшеліктерінің бірі – бюджет параметрлері мен Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі бюджеттік жаңа қағидаларға толықтай сәйкес қалыптасты. Ұлттық қордан алынатын жыл сайынғы кепілдендірілген трансферттер 2026-2028 жылдарға 2,8 трлн теңге деңгейінде жоспарланған. Бұл соңғы екі жылдың көлемдерімен салыстырғанда екі есе төмен. Бұл таразыланған фискалдық саясаттың көрінісі. Енді осы қағидатты іске асыруымыз қажет", – деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында.

Жоспарда Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс жыл сайын 0,9-1 трлн теңгеге деңгейінде болжанған. Ұлттық Банк өз тарапынан активтерді басқару стратегиясын жетілдіре отырып, инвестициялық кірісті арттыруды жоспарлап отыр. 

"Кiрiстiлiгi жоғары құралдардың үлесiн одан әрі ұлғайтуды көздейміз. Жалпы, біз бюджет параметрлерін және бюджеттік қағидаларды сақтай отырып, бюджеттің консолидациясын қолдаймыз. Салық реформасымен қатар қабылданып жатқан шаралар бюджеттің тұрақтылығын арттырып, фискалдық және монетарлық саясаттың үйлесімін жақсартады әрі дезинфляциялық әсер береді", – деді Тимур Сүлейменов. 

Оның айтуынша, ұзақмерзімді экономикалық өсімге қолдау көрсету үшін Ұлттық Банк тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу