banner

Алдағы жылы 3 млн қазақстандық қаржысынан қағылуы мүмкін

Теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы алуға небәрі 2 млн қазақстандық өтініш білдірген. 

Алдағы жылы 3 млн қазақстандық қаржысынан қағылуы мүмкін Фото: cdn.viberu.ru

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) дерегінше, қазақстандық банктер салымшылардан 261,5 млрд теңге көлеміндегі депозиттер бойынша өтемақы (сыйақы) алуға өтінішін қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша тек 2 млн-нан салымшы банктерде өтемақы алуға келісімін растады, бұл теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін салымшылардың жалпы санының 39%-ын құрады. Негізінен, басым көпшілігі депозиттерінде ірі сомадағы қаражаты бар тұлғалар болды.

"Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейін депозитте болған ең төменгі сома бойынша төленетін болады. 10% сыйақы салым бойынша сыйақы мөлшерлемесінің сыртында төленетінін атап өткім келеді. Өтемақы төлеуге жататын депозиттердің негізгі үлесін 1 млн теңгеге дейінгі салымдар құрайды. Өтеуге болатын ең жоғары сома – 20 млн теңге. Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін депозит ашылған банкке өтініш беруі қажет екенін еске саламын", - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.

Банктер өтемақы алуға өтініштерді қабылдауды жалғастыруда. Мұны банк бөлімшесінде де, ресми мобильді қосымшалар арқылы да онлайн жасауға болады.

Жинақ салым, мерзімді, мерзімсіз, білім беру жинақтау салымдары, және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салым иелері өтемақы ала алады.

Банктер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін тиісті ережелерде белгіленген мерзімде төлемдерді жүзеге асыра бастайды.

ЕДБ мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша 5 млн-нан астам салымшының шамамен 336 млрд теңге сомадағы салымдары өтемақы төлеуге жатады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу