Алдағы жылы Қорғаныс күштері әскери қызметшілерінің жалақысы 60%-ға көтеріледі

690

Ал, ҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерінің жалақысы 20%-ға ұлғаяды. 

Алдағы жылы Қорғаныс күштері әскери қызметшілерінің жалақысы 60%-ға көтеріледі Фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, әскери салада қызметкерлерінің әлеуметтік қамтылуы туралы баяндады, деп жазады inbuisness.kz тілшісі.

Оның дерегінше, әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау шараларын жақсарту мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Үкімет бірқатар ұсыныстарды мақұлдаған.

"Оған сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қорғаныс Күштері мен Ұлттық гвардия ұшқыштар құрамының қызметтік жалақысын көтеріледі. Әскери медициналық қызметкерлердің жалақысы азаматтық медициналық мекемелер қызметкерлері еңбекақысы деңгейіне дейін жеткізіледі. Жоғары әскери оқу орны оқытушыларының де жалақысы азаматтық ЖОО оқытушыларымен теңестіріледі. Төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде ІІМ мен Ұлттық Гвардияға балама бойынша төленетін төлем 3 есе болады", деді Сұлтан Қамалетдинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу