Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, сондықтан ауа райы тұрақсыз болады.
Боран соғып, қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Түнде батыста 0-8 градус аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяз-5 градус жылы температурадан 2-10 градус аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-12 градус жылы температураға дейін өзгереді", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.