Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

129

2025 жылдың 5-7 тамызы аралығында Қазақстан аумағынан солтүстік-батыс циклон өтеді. 

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Фото: Владимир Третьяков

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері ел тұрғындарына ескертті. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғатыны белгілі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Метеорологтар Павлодар облысында (6 тамызда), солтүстік және орталық облыстарда (7 тамызда) қолайсыз ауа райы күтілетінін баса айтты.

"Елдің оңтүстігінде ауа райы негізінен құрғақ болады деп күтілуде, делінген Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Оңтүстікте негізінен құрғақ, бірақ шаңды дауыл болады.

Температура фонына келетін болсақ, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғарылау байқалады:

  • түнде 2-13°С-тан 5-18°C-қа дейін,
  • күндіз 15-25°С-тан 18-30°С-қа дейін.

Бұған дейін мамандар екі қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу