"Алдынан шығып, алтын алқасын жұлып алған": Қарағандыда 39 жастағы ұры ұсталды

279

Күдікті ұрланған алқаны ломбардқа өткізген.

"Алдынан шығып, алтын алқасын жұлып алған": Қарағандыда 39 жастағы ұры ұсталды Фото: ЖИ

Қарағандыда көшеде 63 жастағы әйелдің алтын алқасын жұлып әкеткен 39 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті ұрланған әшекейді ломбардқа өткізіп үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Күдікті мойнында алтын алқасы бар әйелді байқап, оның алдынан шығып, әшекейді жұлып алған да, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші полицияға хабар берген. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсірді. Ол Қарағанды қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жауап алу кезінде ер адам қылмысын мойындап, мұндай әрекетке ақшаның жетіспеуінен барғанын айтқан. Ол тартып алған алтын алқаны бірден ломбардқа өткізген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу