Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

205

Қазақстандық теннисші 23-тен 21-орынға көтерілді. 

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді Фото: ҚТФ

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рекордық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қазақстандық теннисші 23-тен 21-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингідегі ең үздік нәтижесі.

Сондай-ақ Александр Шевченко 57-ден бірден 45-ке шықты.

Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 231-ден 163-ке жоғарылап, еліміздің үшінші ракеткасы атанды.

Денис Евсеев 178-ден 179-ға, Бейбіт Жұқаев 189-дан 192-ге, Тимофей Скатов 276-дан 277-ге сырғыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу