Әлемдік рейтингте 19-орында тұрған Бублик жарыстың екінші айналымында дүниежүзілік рейтингтің 64-сатысындағы венгриялық Фабиан Марожанмен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы матчқа келмегендіктен, қазақстандық спортшы кортқа шықпай-ақ келесі кезеңге өтті.
Турнирдің үшінші ракеткасы саналатын Бублик енді жартылай финалға жолдама алу үшін әлемнің 25-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановпен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу