Александр Бублик Монпелье ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

301

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі финалда әлемнің 37-ракеткасы, хорватиялық, 27 жастағы Борна Чоричпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александр Бублик Монпелье ATP 250 турнирінің чемпионы атанды Фото: ktf.kz

Хорватиялық спортшы осыған дейін Марракеш, Галле және 2022 жылы Цинциннати мастерс турнирінде үздік шығып, әлемдік рейтингіде 12-орынға дейін көтерілген еді.  

Қарсыласынан бір жас кішілігі бар Бублик бұдан екі жыл бұрын осы Монпелье, өткен жылы Антверпен және Галле жарыстарының чемпионы атанған болатын. 

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылығын ұстап тұра алмады – 5:7. 

Есесіне екінші сетті қос брейкпен өз пайдасына жазды – 6:2. 

Үшінші, шешуші партияда А.Бублик тағы да брейкпен алда болды – 2:0. Осы қарқынынан ақыры танған жоқ – 6:3.  

Осылайша, Александр Бублик Монпельеде екінші рет чемпион атанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу