Александр Бублик жарақатына байланысты ақтық ойынды жалғастыра алмады

761

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жеңімпазы атана алмады, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Александр Бублик жарақатына байланысты ақтық ойынды жалғастыра алмады

Бублик финалда әлемнің 23-ракеткасы, аустралиялық Алекс де Минаурмен кортқа шықты. Бірінші партияда есеп 0:2 болған кезде қазақстандық теннисші жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

"Кеше тобығымды ауыртып алсам да, бар күшімді жұмсап, матчты бітірдім. Содан кейін үш сағат бойы физиотерапевтте болдым. Жарақатыма қарамастан, бүгінгі ойынға дайындалдым. Өкінішке қарай, ATP турнирлеріндегі үшінші финалды да ұта алмадым", - деді матчтан кейінгі сұхбатында Александр Бублик.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу