Александр Мухамедиев стенд атудан Кувейттегі Гран-при турнирінде топ жарды

742

10-18 қаңтар аралығында Кувейтте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при турнирі өтуде. 

Александр Мухамедиев стенд атудан Кувейттегі Гран-при турнирінде топ жарды

Аталған сында қазақстандық мергенден сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Стенд атудан "скит" бағдарламасында Қазақстан командасының мүшесі Александр Мухамедиев алтын жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық спортшы Александр Ещенко төртінші орыннан көрінген. 

"Скит" бағдарламасынан әйелдер арасында өткен сында Әсем Орынбай күміс жүлде иеленсе, Анастасия Молчанова қолаға қол созды. Ал финалда сынға түскен тағы бір отандық мерген Зоя Кравченко алтыншы орында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу