Алексей Цой: Демалыс күндері локдаунның күшін сақтау керек

854

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі індеттің бетін қайтару үшін Үкімет басшысына бірнеше шараны қабылдау керектігін мәлім етті. Оның айтуынша, өңірлерлердегі той-томалақтың салдарынан індет тіпті үдеп кеткен, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Алексей Цой: Демалыс күндері локдаунның күшін сақтау керек

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, "қызыл" және "қою-қызыл" аймақта тұрған өңірлерде демалыс күндері локдаунның күшін сақтау керек. Сонымен бірге мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді ұсынамыз. Одан бөлек халыққа екпе салу қарқынын үдетіп, ел ішінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейткен жөн", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. 

Сонымен қатар министр "Ashyq" көшбасшыларына қойылатын талаптарды қайта қарап, оларға жеңілдік беру керектігін айтып өтті.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу