Алексей Цой Еуропалық өңірлік комитеті сессиясының төрағасы болып сайланды

383

Сессияның күн тәртібіндегі негізгі тақырып аймақтағы және әлемдегі COVID-19 пандемиясына қарсы шаралар. 

Алексей Цой Еуропалық өңірлік комитеті сессиясының төрағасы болып сайланды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

14 тамызда ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының 70-сессиясы басталды,  халықаралық жиынның төрағасы болып  алғаш рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сайланды. Ведомство басшысы өз сөзінде,  әлемдік денсаулық сақтау үшін  өте маңызды шараға төрағалық ету  ол үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін жеткізді.

"Халықаралық қоғамдастық пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, біз өзге елдермен ынтымақтаса отырып COVID-19 қарсы күресті жалғастырамыз. Қазір  Қазақстандағы жағдай тұрақталды, ал коронавирус инфекциясы қайта өршитін болса, арнайы жоспар әзірледік. Мәселен, пациенттерді төсек-орын, қажетті дәрілік препарат және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету. Отандық дәрігерлер халыққа көмек көрсетуге дайын", - деді министр.     

Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға  мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері екі күн бойы денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселені талқылайды. Қысқартылған сессияның күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі: аймақтағы және әлемдегі COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл мен  тәжірибе, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарлама.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу