Әлем бойынша қызметкерлердің 40%-ы жұмыс орнын ауыстырғысы келеді

683

Microsoft бизнес өкілдері білуі керек гибридті жұмыс форматының жеті тенденциясын анықтап берді.

Әлем бойынша қызметкерлердің 40%-ы жұмыс орнын ауыстырғысы келеді

Әлем бойынша қызметкерлердің шамамен 40%-ы қазіргі жұмыс орнын ауыстырғысы келеді, ал 46%-ы қашықтан жұмыс істей алатындықтан басқа жерге көшуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Work Trend Index зерттеуіне сілтеме жасап. 

Пандемия қашықтан жұмыс істеу режимін өзгерткені анық. Зерттеуде  көрсетілгендей, қызметкерлердің 73%-ы қашықтан жұмыс істеудің ыңғайлы форматын сақтауды жөн көріп отыр. Ал LinkedIn сервисінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар жұмыс саны пандемия кезінде бес есе артқан. Індет басталғалы жұмыс істеу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда оңтайлы бола бастаған. Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 40%-ы өздерін жайлы сезінетінін, пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда жұмысқа көбірек көңіл бөлетінін айтқан. 

Осы орайда Microsoft-тың жыл сайынғы WorkTrendIndex зерттеуі бизнес өкілдері білуі керек гибридті жұмыс форматының жеті тенденциясын анықтап берді:
– Гибридті жұмыс режимі сақталады.
– Басшылар қызметкерлер мен арадағы байланысты үзіп алды, сондықтан олар жағдайды қалай реттеуге болатынын ескеруі керек.
– Жұмыстан титықтап, бірақ жоғары өнімділікке қол жеткізу жайлап барады.
– Z буыны қауіпті аймақта және оған күш қуатын қалпына келтірудің жаңа көзін табу керек.
– Жұмыс байланысының қысқаруы инновацияға қауіп төндіреді.
– Шынайы көзқарас өнімділік пен әл-ауқатты арттырады.
– Гибридті жұмыс әлемінде дарындылар географиялық орнын көп өзгертеді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу