Әлем бойынша жұмыссыз жастар көбейіп келеді

315

Халықаралық Еңбек ұйымының дерегінше, 15 пен 24 жас аралығындағы 67 миллион адамның тұрақты жұмысы жоқ.  

Әлем бойынша жұмыссыз жастар көбейіп келеді Фото: caravan-info.kg

Сарапшылар орта деңгейдегі біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының азайып жатқанын айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олардың қатарында іс жүргізу, әкімшілік жұмыс, сауда және өндіріс салаларындағы қызметтер бар. Әдетте мектеп немесе жоғары оқу орнын енді бітірген жастар еңбек нарығына алғашқы қадамын осы салалардан бастайды. Алайда технологиялар мен жасанды интелекті дамыған сайын жаңа мамандықтар да көбейіп келеді.

Мамандар жастарды үздіксіз білім алуға инвестиция салуға және заманға сай жаңа дағдыларды игеруге шақырады. Дүниежүзілік экономикалық форумының дерегіне сүйенсек, 2030 жылға қарай әлемде 92 миллион жұмыс орыны жойылып, 170 миллион жаңа еңбек орыны пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу