Әлем чемпионы Жанат Жақияновқа құрмет көрсетті

936

Әлем чемпионы Жанат Жақияновқа құрмет көрсетті

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) Петропавлда үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды, деп хабарлады sputniknews.kz.

Жаңа пәтердің кілтін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов табыс етті. Өңір әкімдігінің сайты боксшының қосымша ақшалай сыйлық алғанын хабарлады.

33 жастағы былғары қолғап шебері Петропавл қаласында туып, осында тұрып келеді. Оның анасы, жары, тоғыз айлық ұлы Ердос пен бір жарым жасар қызы Нұрай бар.

Боксшы уақытының көбін Ұлыбританияда өткізеді. Мұнда ол бапкер Рикки Хаттонмен жаттығады.

"Жанаттың жарқын жеңісі, қос белбеудің иегері атанғанының арқасында рейтингте жерлесіміз Бейбіт Шүменовтен озып, Головкинмен бір қатарда тұруына мүмкіндік берді. Сонымен қатар кәсіпқой бокста чемпиондар саны жағынан еліміздің үздік бестікке енуіне ықпал етті", – деді өңір әкімі.

Айта кетейік, 11 ақпан күні АҚШ-та Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренді (14-2, 4 KO) жеңіп, WBA (Super), IBO нұсқалары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу