Әлем елдерінде бензин бағасы қанша?

1885

Әлемде жанар-жағармайдың орташа бағасы литріне – 1,1 доллар, ол шамамен – 429 теңге.

Әлем елдерінде бензин бағасы қанша?

Жалпы әлемде жанар-жағармайдың орташа бағасы литріне – 1,1 доллар, ол шамамен – 429 теңге. Бұл – GLOBALPETROLPRICES.COM келтірген ақпарат.

Бензині ең арзан елдер көшін әдеттегідей Венесуэла, Куба, Судан бастап тұр. ТМД мемлекеттерінен Түрікменстан – 8, Қазақстан – 9, Әзербайжан –10-орынмен ондыққа кірген. Көршілес елдер Өзбекстан – 17, Қырғызстан – 23, Ресей – 26-орында тұр. 

Енді әр мемлекеттегі бағаға тоқталсақ, мысалы, Түрікменстанда 1 л бензин – 168 теңге, біздің елде – 175 теңге, Өзбекстанда – 218,55 тг, Қырғызстанда – 242 теңге, Ресейде 277 теңгеден асады. Ең қымбат бензин Гонконгта – 894 теңгеге жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу