Әлемде астық өнімдерін өндіру, сату, тұтынуда рекорд болуы мүмкін

1589

Жаһандық астық өндірісі 2 780 млн тоннаға жетті. 

Әлемде астық өнімдерін өндіру, сату, тұтынуда рекорд болуы мүмкін

ФАО - БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 2020-2021 жылдарға астық өндірісіне байланысты болжамдарымен бөлісті. 

"Жаһандық астық өндірісі рекордтық 2 780 млн тоннаға жақындап келеді. Бұл көрсеткіш 2019  жылғы көлемнен 2,6 %-ға жоғары. 2020-2021 жылғы маусымда астық сұранысы мен ұсынысы қалыпты жағдайда қалады. Өндіріс пен тұтынудың жаңа болжамдарына сәйкес, 2021 жылғы ұлттық сатып алу науқандарының соңына қарай дүниежүзілік астық қорының көлемі рекордтық 927 млн тоннаға жетеді. Сонымен қатар әлемдегі барлық астық қорының 47%-ы Қытай үлесіне тиесілі болмақ. 2020-2021 жылғы маусымда астық саудасы 2,2%-ға артып, 433 млн тоннаға жетеді де, дақылдардың барлық түрлері үшін бұрын-соңды тіркелмеген өсім байқалады. Олардың арасынан дүниежүзілік сауда көлемі 6,2%-ға артатын күріш дақылы бар", – деп жазылған ФАО болжамында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу