Әлемде азық-түлік бағасының өсуі 1990 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті

1120

Мұны ФАО индексі айғақтап отыр. Бұл өсім 2022 және 2023 жылдары да жалғасады деп күтілуде. 

Әлемде азық-түлік бағасының өсуі 1990 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сыртқы секторда инфляцияның жаһандық деңгейде қарқын алуы үздіксіз жалғасып келеді. Оның өсуіне азық-түліктің қымбаттауы айтарлықтай үлес қосады. Биыл наурызда ФАО азық-түлік бағаларының индексі 1990 жылдан бері ең жоғары деңгейге жетті. Өткен жылдың өзінде ол 33,6%-ға өсті. Азық-түліктің әлемдік бағасы 2022 жылы да, 2023 жылы да жоғары деңгейде қалады деп күтілуде", – деді спикер.

Ғалымжан Пірматовтың сөзінше азық-түлік пен шикізаттың негізгі нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс байқалады. 

Ал бұл геосаяси дағдарыс, тыңайтқыштар бағасының жоғары болуына, сондай-ақ тауар жеткізу жолдарындағы кедергілер аясында орын алып отыр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу