Әлемде COVID -19 инфекциясын жұқтырғандар 201,7 миллионнан асты

847

Сенбі күні таңертең әлемде COVID-19 коронавирусымен тіркелгендер саны 201 миллион 748 мың 659 болды, деп хабарлады Джонс Хопкинс американдық университеті. 

Әлемде COVID -19 инфекциясын жұқтырғандар 201,7 миллионнан асты

Вирустың таралуы басталғалы бері COVID-19 індетінен зардап шеккендердің саны 4 миллион 278 мың 369 адамға жетті.

15 миллионнан астам COVID-19 жұқтырған елдерге АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша  АҚШ көш бастап тұр, онда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 35 миллион 695 мың 621, ал өлім саны 616 мың 493-ке дейін өсті.

Екінші орында Үндістан, онда COVID-19 расталған жағдайлардың саны 31 миллион 895 мың 385-ке жетті, ал елде вирусты жұқтыру әсерінен өлгендердің жалпы саны 427 мың 371 болды.

Бразилия вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында, онда пандемия кезінде 20 миллион 108 мың 746 жағдай тіркеліп, 561 мың 762 адам қайтыс болды.

Әлемдегі маңызды оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметінше, сенбі күні таңертең әлем халқының 1 миллионына шаққандағы өлім 550,5 құрады. АҚШ -та 1 миллион тұрғынға 1 мың 899 адам, Үндістанда - 306, Бразилияда - 2 мың 623 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу