Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 167,6 миллионнан асты

746

26 мамырда планетаның 1 миллион тұрғыны бойынша өлім-жітім коэффициенті 449 болды.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 167,6 миллионнан асты

26 мамырда әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 167 638 686 болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Індет басталғаннан бері қайтыс болғандар саны 3 481 615-ке жетті. АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінің әрқайсысында вирус жұқтырудың 10 миллионнан астам фактісі тіркелді.

АҚШ жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны бойынша көш бастап тұр. Бұл елде 33,1 миллион тұрғын дертке шалдыққан. Қайтыс болғандардың саны 590,9 мыңға жетті. 

Жұқтырғандар саны бойынша Үндістан екінші орында. Ондағы науқастар саны –  26 948 874. Ауруын асқындырып қаза тапқандардың саны  – 307,2 мың. Үшінші орында – Бразилия. Бұл елде 16 194 209 науқас анықталды. Оның  452 мыңы қайтыс болған.

Worldometers порталының мәліметі бойынша, 26 мамырда планетаның 1 миллион тұрғыны бойынша өлім-жітім коэффициенті 449 болды.

Табиғат Нұрболат

Фото: investing.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу