Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 260,6 миллионнан асты

845

Американдық Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша сенбі күні таңертең әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 260 млн 679 мың 482-ге жетті.

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 260,6 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 инфекциясы вирусы тарала бастағаннан бері 5 млн 189 мың 507 адам қайтыс болды. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 20 млн-нан асқан елдер қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді.

Вирус жұқтырған және қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ көшбастап тұр. Онда COVID-19 жұқтырған 48 млн 177 мың 910 адам анықталды. Қайтыс болғандар саны 776 мың 349 болды.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында Үндістан. Онда COVID-19-дың расталған жағдайлар саны 34 млн 563 мың 749-ға жетті. Елде вирусты жұқтыру салдарынан қайтыс болғандар саны 467 мың 933 адамға жетті.

Әлемде коронавирустың таралуы бойынша үшінші орында Бразилия тұр. Онда пандемия кезінде 22 млн 67 мың 630 жағдай тіркеліп, оның 613 мың 957 адамы қайтыс болды.

Әлемдегі ең маңызды оқиғалардың статистикасына маманданған Worldometer порталының мәліметі бойынша, сенбі күні таңертең әлем халқының миллионына шаққанда өлім көрсеткіші 668,0 болды. АҚШ-та 1 миллион тұрғынға шаққанда 2 мың 395 адам, Үндістанда – 334, Бразилияда – 2 мың 860 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу