Әлемде хантавирус жұқтырғандар саны артты

412

Нидерландтық круиз кемесінде 8 адам хантавирус жұқтырды.  

Әлемде хантавирус жұқтырғандар саны артты Фото: BILD

Дерті асқынғандардан бөлек, онға жуық адам эвакуацияланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеме Тенерифке жеткен соң, өзге жолаушылар өз еліне қайтады. Ал Испанияның 14 азаматы 45 күнге карантинде қалады.

Қазір Еуропа мен Африка елдерінің билігі, кемеден өз еркімен түсіп қалған 40-қа жуық жолаушыны іздеп жатыр. Лайнер сапарын сәуір айында Аргентинадан бастаған.

"Ал бұл аймақта хантавирустың Андес деп аталатын түрі кең таралған", – дейді мамандар. 

Нидерландтың круиздік кемесінде 28 елден келген 150-ге жуық саяхатшы болған. Әзірге 11 адамның хантавирус жұқтырғаны белгілі. Олардың үшеуі көз жұмды. Тиісті медициналық талдаулардың нәтижесінде азаматтардың хантавирустың Андес деп аталатын түріне шалдыққаны анықталды. Ол көбіне Оңтүстік Америка-Чили мен Аргентинада кездеседі. Жағдайдың шиеленіскенін байқаған 40-қа жуық демалушы жолай кемежайларда түсіп қалған. Бұл туралы Нидерланд билігі хабарлады. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Өйткені олар вирусты әрі қарай тасымалдауы мүмкін.

Сапар бағдарламасына сәйкес лайнер Антарктика мен Фолкленд аралдарына баруға тиіс еді. Алайда аурудың ушығуына байланысты бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Қазір кеме Тенерифке бет алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу