Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 104 миллионнан асты

967

Ауруға шалдыққандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері көш бастап тұр. 

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 104 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 104 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлім етті. Қайтыс болғандар саны 2 268 678-ге жетіп,осы күнге дейін 75 миллион адам жазылған.

АҚШ, Үндістан және Бразилия елдеріндегі науқастар саны 5 миллионнан асқан. Құрама Штаттар вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны бойынша көш бастап тұр.Бұл елде 26 554 737 адамның дертке шалдыққаны тіркелді. Оның 450 мыңы аурудан көз жұмып, 16 миллионнан астамы аурудан айыққан. 
Үндістанда 10 790 183 тұрғын вирус жұқтырған. Оның 154 мыңнан астамы қаза тапса, 10,4 миллионы ем-дом қабылдап жазылған. 

Бразилияда бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында. Пандемия басталғалы вирус жұқтырудың  9 339 420 жағдайы тіркелген. Оның  227 563-і қайтыс болып, 8,3 миллионнан астамы дерттен айыққан.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу