Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 109,9 миллионнан асты

875

Ауруға шалдыққандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері көш бастап тұр. 

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 109,9 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 104 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап. Қайтыс болғандар саны 2,4 миллионнан асып,осы күнге дейін 82 миллион адам жазылған.

Вирус жұқтырғандар саны саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері көш бастап тұр.Құрама Штаттар бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында.Бұл елде 27,8 миллион адамның дертке шалдыққаны тіркелді. Оның 490 мыңы аурудан көз жұмып, 18 миллионнан астамы аурудан айыққан. 

Үндістанда 10,9 миллион тұрғын вирус жұқтырған. Оның 156 мыңнан астамы қаза тапса, 11 миллионға жуығы ем-дом қабылдап жазылған. 

Бразилия бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында. Пандемия басталғалы вирус жұқтырудың  9,9 миллион жағдайы тіркелген. Оның  242 мыңы қайтыс болып, 8,9 миллионнан астамы дерттен айыққан.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу