banner

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 114 миллионнан асты

759

Дертке шалдыққандар мен аурудан қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері көш бастап тұр.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 114 миллионнан асты

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 114,7 миллионнан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап. Қайтыс болғандар саны 2,5 миллионнан асып,осы күнге дейін 89 миллион адам жазылған.

Вирус жұқтырғандар саны саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия елдері көш бастап тұр. Бұл елдерде науқастар саны 10 миллионнан асқан.Құрама Штаттар бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында. АҚШ-та 28,7 миллион адамның дертке шалдыққаны тіркелді. Оның 516 мыңы аурудан көз жұмып, 19 миллионнан астамы аурудан айыққан. 

Екінші орында – Үндістан. Бұл елде 11,1 миллион тұрғын вирус жұқтырған. Оның 157 мыңнан астамы қаза тапса, 11 миллионға жуығы ем-дом қабылдап жазылған. 
Бразилия бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында. Пандемия басталғалы вирус жұқтырудың  10,6 миллион жағдайы тіркелген. Оның  257 мыңы қайтыс болып, 9,5 миллионнан астамы дерттен айыққан.

Worldometer дерегі бойынша, АҚШ-та 1 миллион адам арасындағы өлім коэффиценті 1593, Үндістанда 113, Бразилияда 1206 болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: prweek.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу