Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 472 млн-нан асты

895

Пандемия басталғалы бері COVID-19 вирусынан 6 млн-нан аса адам көз жұмған. 

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 472 млн-нан асты

Биыл 22 наурызда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 472 млн 126 мың 856 адам болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.

Жаһанда пандемия басталғалы бері COVID-19-дан 6 млн 93 мың 876 адам қайтыс болған. Вирусты жұқтырудың 20 млн-нан аса дерегі АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ұлыбританияда тіркелді.

Коронавирус жұқтырғандар саны мен қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ көшбасында тұр: 79 млн 778 мың 889 адам COVID-19 жұқтырған, 972 мың 634 адам көз жұмған.

Екінші орында Үндістан: мұнда вирус жұқтырудың 43 млн 10 мың 971 дерегі тіркелген, 516 мың 543 адам аурудан қайтыс болған.

Үшінші орында Бразилия: 29 млн 650 мың 82 адам коронавирус жұқтырған, 657 мың 595 адам аурудан қайтыс болған.

Төртінші орында Франция тұр: елде ауру жұқтырудың 24 млн 347 мың 772 дерегі тіркелген, 142 мың 114 адам көз жұмған.

Ұлыбританияда 20 млн 470 мың 351 адам вирус жұқтырып, салдарынан 164 мың 266 қайтыс болған.

Worldometer порталының мәліметінше, 22 наурызда әлемде 1 млн тұрғынға шаққанда өлім-жітім коэффициенті 783,3 болды. АҚШ-та 1 млн тұрғынға шаққанда 2 мың 988 адам, Үндістанда – 368, Бразилияда – 3 мың 55, Францияда – 2 мың 153, Ұлыбританияда – 2 мың 390 адам аурудан көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу