Әлемде күннің көзі күйіп тұр

476

Маусым ең ыстық ай болды, деп жариялады Еуропалық Одақтың климаттың өзгеруін бақылау қызметі.

Әлемде күннің көзі күйіп тұр Фото: Ашық дереккөзден

Рекордтық көрсеткіштер Еуропаның солтүстік-батыс бөлігінде байқалды. Австралияда, Солтүстік және Орталық Америкада ауа-райы қалыптан тыс ыстық болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Биылғы жаздың аптап ыстығы тағы да рекордтық деңгейге жетуі мүмкін.  Еуропалық "Коперник" бағдарламасы климаттың өзгеруінің жиынтық әсері мен Эль-Ниньо құбылысының оралуы мұхит пен құрлық температурасының бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілуіне ықпал ететінін растады.

Сәуір айынан бастап бүкіл әлемде, Қытайдан Испанияға дейін және Атлант мұхитының арғы жағында бірінен соң бірі рекордтық температура байқалады. Ғалымдардың пікірінше, бұл планетаның климатының бұзылуын анық көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу