Әлемде мұнай арзандай бастады

460

Brent маркалы қара алтын баррелі үшін 78 долларға саудаланады. 

Әлемде мұнай арзандай бастады Фото: inbusiness.kz

Мұнайдың эталон маркаларының бағасы өткен аптаның қорытындысы бойынша үш айдағы рекордтық өсімнен кейін төмендеді, деп жазады inbusiness www.interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері баррель үшін 78,02 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу көрсеткішінен 45 центке (0,57%) төмен. Жұма күні аталмыш келісімшарттар 1,95 долларға қымбаттап (2,6%), барреліне 78,47 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 47 центке (0,64%) төмендеп, баррель үшін 73,39 долларды құрады. Алдыңғы сессия қорытындысы бойынша ол 2,06 долларға өсіп (2,9%), баррель үшін 73,86 доллар болды.

Өткен аптада Brent бағасы 4,1%-ға, WTI 4,6%-ға артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу