Әлемде жаңа көліктердің сатылымы 18%-ға артты

535

Әлемдік автомобиль нарығындағы құлдырау динамикасы өзгерді.  

Әлемде жаңа көліктердің сатылымы 18%-ға артты

Осы жылдың тамыз айында 6,9 миллион жаңа автомобиль сатылды. Бұл былтырғыға қарағанда  18%-ға көп, деп жазды Inbusiness.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде жаңа көліктерді сату өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 25,4%-ға артты (11,4 мың бірлік).

Осы жылдың тамыз айында елімізде сату көлемі бойынша Chevrolet (3,9 мың) және Hyundai (2,2 мың) көш бастады. Одан кейінгі орындарда Kia (1,5 мың), Toyota (998 бірлік) және Lada (592 бірлік) бар. 

Қытай үшінші ай қатарынан көлік сатуда көш бастап тұр. Бұл елде өткен жылдың тамызымен салыстырғанда автомобильдерді сату 46%-ға көбейіп, 2,6 млн-ға дейін өсті.

Италияның автокөлік нарығында да оң динамика байқалып отыр. Тамыз айында 71,2 мың жаңа автомобиль сатылды.

Тамыз айында сатудың жылдық өсімі Бразилия мен Аргентинада (22%), Испанияда (9,1%), АҚШ-та (3,9%), Францияда (3,8%), Германияда (3%), Ұлыбританияда (1,2%) және Оңтүстік Кореяда (0,2%) тіркелді.

Жапония мен Канадада темір тұлпарды сату 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 8,7% және 12,9%-ға төмендеген.

Ресейде көліктерді сату 62,4%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу