Әлемдегі 500 үздік университеттің қатарында қазақстандық ЖОО-лар бар ма?

1151

2025 жылы QS WUR халықаралық рейтингіне отандық 15 университет енуі керек.

Әлемдегі 500 үздік университеттің қатарында қазақстандық ЖОО-лар бар ма?

Әлемнің үздік 500 университетінің қатарына тек 3 қазақстандық жоғары оқу орны (ЖОО) енген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020-2021 оқу жылының басында Қазақстанда 125 университет пен 4 филиал жұмыс істеген. Онда 576,6 мың студент білім алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға аз.

Сондай-ақ оқуын тастап кеткен студенттер саны 1,9 есе немесе 115,2 мың адамға артқан. Оның ішінде 22,5 мың адам қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын тастауға мәжбүр болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға көп. 

Премьер-министр сайтының мәліметінше, 2025 жылы жоғары оқу орындары кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100%-ға жаңартуы керек.

Жоғары білім беру тиімділігінің көрсеткіші университеттердің дүниежүзілік рейтингке енуімен бағаланады.

2025 жылы QS WUR рейтингіне енген қазақстандық ЖОО-лар саны 15-ке артуы тиіс.

2021 жылдың басында QS World University Rankings рейтингісіне тек 13 қазақстандық университет енген. Әлемнің үздік 500 университетінің қатарында тек 3 отандық ЖОО бар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Сонымен қатар тағы 7 университет әлемнің үздік 1000 ЖОО қатарында. Ал 3 жоғары оқу орны: Академик Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үздік 1000 ЖОО қатарында да жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу