Әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр – Президент

780

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарына арнаған үндеуінде осылай деді. 

Әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр – Президент

Президенттің пікірінше, алдағы сайлау мемлекетіміздің іргесі мығым екенінің дәлелі болуы керек. 

"Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек", – деді президент. 

Оның сөзінше, қазір әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін.

"Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет", – деді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыру керек екенін жеткізді.   

"Ол үшін аталған тағдырлы шешімді қабылдадым", – деді президент.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу