Әлемдегі ең алып ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

2235

Салмағы – 227 тонна, ал қанаттарының ұзындығы 117 метр болатын әуе көлігі 2,5 сағаттай самғады. 

Әлемдегі ең алып ұшақ алғаш рет әуеге көтерілді

Алты қозғалтқышы, екі фюзеляжы бар Stratolaunch атты әлемдегі ең үлкен ұшақ АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мохаве шөлінде алғаш рет көкке көтерілді, деп хабарлайды 24.kz.

Салмағы – 227 тонна, ал қанаттарының ұзындығы 117 метр болатын әуе көлігі 2,5 сағаттай самғады. Ұшақ сағатына 304 шақырым жылдамдықпен бес шақырым биіктікке көтерілді. Сонымен қатар, бірнеше маневр жасады.

Stratolaunch орбитаға ғарыш апппаратарын жеткізуге арналған. Тасығыш зымыран екі фюзеляж арасындағы орынға бекітіледі.

Бұған дейін әуеге көтерілген әлемнің ең ауыр ұшағы Ан-225 "Мрия" болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу