Әлемдегі ең арзан бензин Қазақстанда

Баға деңгейі бойынша, еліміз 11 орынға жайғасты. 

Әлемдегі ең арзан бензин Қазақстанда Фото: inbusiness.kz

Қазақстан бензин бағасы ең төмен елдердің қатарына енгізілді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Global Petrol Prices порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Портал дайындаған рейтингке сәйкес, Қазақстанда бензиннің орташа бағасы литріне 0,539 долларды (244 теңге) құрайды.

Баға деңгейі бойынша, еліміз 11 орынға жайғасты.

Ең арзан бензинді Иран (13 теңге), Ливия (14 теңге) және Венесуэла (16 теңге) елдерінен сатып алуға болады.

Көрші елдер арасында Түркіменстанда жанармайдың ең төменгі бағасы 194 теңгені құрайды. Ал Ресейде бір литр бензин 275 теңге, Беларусьте – 324 теңге, Қырғызстанда – 362 теңге тұрады.

Сонымен қатар, АҚШ-та жанармай бағасы 0,897 доллар немесе 406 теңге тұрады. Германияда бензин бағасы 861 теңгені құрайды.

Айта кету керек, бензин бағасы бойынша қымбат елдердің қатарына Монако (2,332 доллар немесе 1057 теңге) және Гонконг (3,099 доллар немесе 1404 теңге) кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу