Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді

372

Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. 

Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді Фото: Alphanews

Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесін Renaissance Capital компаниясына сататынын мәлімдеді. Олар бұл мәміледен 1,2 млрд доллар шығын келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

Тиісті ақпарат Citigroup-тың ресми сайтында және АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының порталында пайда болды.

АҚШ банкінің хабарлауынша, оларға қарасты ресейлік "Ситибанкке" еншілес компанияның қалған бизнесі толықтай Renaissance Capital компаниясына сатылады. Мәмілеге 2026 жылдың бірінші жартысында қол қойылады деп күтілуде. Ең әуелі барлық қажетті рұқсаттар алынуы тиіс.

12 қарашада Ресей президенті Владимир Путин елдегі "Ренессанс Капитал – Қаржылық кеңесші" компаниясының қатысуымен осындай мәміле жасауға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды.

Citigroup – АҚШ-тағы және әлемдегі ең ірі банктің бірі. Оның жалпы активтері 2,35 трлн долларға бағаланып отыр. Оның құрылымына ресейлік "Ситибанк" кіреді. 

2024 жылғы қарашаға дейін Renaissance Capital-дың Ресейдегі активтері кәсіпкер Михаил Прохоровтың холдингіне тиесілі болған. Кейін "Ренессанс Капитал – Қаржылық кеңесші" компаниясы сатылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу