Әлемдегі ең ірі тұщы су қорына экологиялық апат қаупі төніп тұр

2222

Әлемдегі ең ірі тұщы су қорына экологиялық апат қаупі төніп тұр

Ресейде Байкал көлін тазарту бойынша "360 минут" атты экологиялық марафон өтті. Оған өз қалауы бойынша 22 дайвер қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

Сүңгуірлер су түбіндегі қоқыстарды жинап, жағаға алып шықты. Енді бұл қалдықтар қайта өңдеуге жіберілмек.

Айта кеткен жөн, Байкал тұщы судың әлемдегі ең ірі қоры саналады. Экожүйесі бірегей. Жыл сайын көлге демалуға миллионға жуық турист келіп жатады. Алайда адамдардың кері әрекеті кесірінен, су қоймасына экологиялық апат қаупі төніп тұр.   

- Біз 30 метр тереңдікке дейін бойладық. Көл табанында не жоқ десеңізші. Шыны бөтелкелер, сыра қалбырлары қаптап жатыр. Тіпті Байкал түбінен етік те тауып алдық. Оны кімнің және не үшін тастағаны белгісіз, - дейді дайвер Анна Шарацких.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу