Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімінде Қазақстан 98-орында тұр

1189

Жыл басынан бері елде 114 мыңға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, оның 29 мыңы ауыр және аса ауыр қылмыс.

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімінде Қазақстан 98-орында тұр

Биыл бірінші жартыжылдықта Numbeo жүргізген ең қауіпсіз елдер рейтингісінде Қазақстан 137 елдің арасында 98-орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің индескі – 46,23. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, мемлекет те соғұрлым қауіпсіз. Қауіпсіздік индексін есептеу елде қылмыс деңгейі қаншалықты төмен немесе жоғары екенін көрсетеді. Индекс 20-дан аз болса, мемлекеттегі қауіпсіздік деңгейі өте төмен, 20-дан 40-қа дейін – төмен, 40-тан 60-қа дейін – орташа, 60-тан 80-ге дейін – жоғары, 80-нен асса, өте жоғары болып саналады.

ТМД елдері арасында рейтингте Армения – 10-орын, Әзербайжан – 34-орын, Өзбекстан – 37-орын, Ресей – 52-орын, Молдова – 76-орын, Украина – 81-орында. Қырғызстан (107-орын) мен Беларусьтің (114-орын) көрсеткіші Қазақстаннан төмен. Рейтингтің көшбасында Қатар, БАӘ және Тайвань, ал соңында Венесуэла тұр.

2021 жылғы қаңтар-тамызда елде 113,5 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, өткен жылғы көрсеткіш те осындай. Қылмыстық құқықбұзушылықтың басым бөлігі Алматыда тіркелген: 18,1 мың, бір жылда минус 7,2%. Сондай-ақ елордада 11,6 мың құқықбұзушылық (бір жылда плюс 33,7%), Алматы облысында (10,8 мың құқықбұзушылық (бір жылда плюс 4,7%) жасалған. Қызылорда облысында қылмыс деңгейі төмен – барлығы 2,6 мың құқықбұзушылық, бір жылда минус 9,5%.

Тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың негізгі бөлігі  ауырлығы орташа қылмыс болып саналады (50,8 мың дерек).

16,7 мың дерек онша ауыр емес, 27,3 мың дерек ауыр, 1,6 мың дерек аса ауыр құқықбұзушылыққа жатқызылды.

Қазақстанда көбінесе ұрлық (38,7 мың дерек), алаяқтық (29 мың дерек), ұсақ ұрлық (7,8 мың дерек), есірткі және психотроптық заттарды сату (4 мың дерек), жол қозғалысы немесе көліктерді пайдалану ережесін бұзу (2,3 мың дерек) сияқты құқықбұзушылықтар тіркелген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу