Әлемдегі ең құрғақ шөлде гүлдер өсе бастады

1327

Гүлдер далада жаппай өсіп, жайқалып тұр.  

Әлемдегі ең құрғақ шөлде гүлдер өсе бастады Фото: reuters.com

Әлемнің ең құрғақ аймағы Чилидегі Атакама шөлінде гүл өсе бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Рейтерске сілтеме жасап.

Бұл табиғи өзгеріске ғалымдар аң-таң. Жердің құрғақтығынан бөлек, тамшы тамбайтын шөлдің гүлге орануы сирек құбылыс. Андрес Белльо университетінің биотехнологтары енді өсімдіктердің мұндай қатал ортада қалай тірі қалатынын анықтауға тырысып жатыр.

Тұқымын алып, құрғақшылыққа төзімді дақыл түрлерін шығару да ойда бар.  

"Атакама – әлемдегі ең құрғақ әрі ең күн сәулесі көп түсетін аймақ. Мұндай қатал ортада гүлдің өсіп тұрғаны ғажайып. Біз оның қалай бейімделетінін түсінгіміз келеді. Сол арқылы ыстық пен су тапшылығына төзімді жаңа дақылдар өсіруге мүмкіндік аламыз", – деп мәлімдеді Андрес Бельо университетінің өсімдіктер биотехнологиясы орталығының директоры Ариэль Орельяна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу