Әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде Алматы соңғы орындардың біріне тұрақтады

878

Себебі Алматының индексі небәрі 33%-ды құрады.  

Әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде Алматы соңғы орындардың біріне тұрақтады

Өмір сүру құны бойынша қалалар рейтингінде Алматы 129-орынға тұрақтады. Жалпы тізімде 133 мегаполис бар. Еліміздің қаржы орталығы The Economist сарапшыларының зерттеуіне қатысқан ең арзан шаһарлардың бірі деп атауға болады.

Қалаларды салыстыру кезінде Нью-Йорктың мысалы негізге алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Сарапшылар сауалнамасы әлемнің 133 қаласындағы 140-қа жуық тауар мен қызмет бағасын салыстыруға негізделген. Оның ішінде тамақ, алкоголь, коммуналдық қызметтер, темекі, киім, жеке күтім, жалға берілетін тұрғын үй, денсаулық пен спорт шығындары, ойын-сауық пен көлік сияқты санаттар бар. Нәтижелер әр түрлі зерттеулерге қолданылады. Атап айтқанда, халықаралық компанияларда қызметкерлер ауысқан кезде тиісті өтемақы мөлшеріне келісу сынды жағдайларда керек. 

Ал әлемдегі ең қымбат қалалар тізімінде – Париж, Цюрих және Гонконг бар. Ең арзан қалалар - Дамаск пен Ташкент болып есептеледі. 

Жалпы, егер біз Алматыдағы бағаларды еліміздегі орташа көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, оңтүстік астанада өмір сүру айтарлықтай қымбат деп есептеледі.

Мәселен, Алматыда әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрлерінің 12 -сі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу