Әлемдегі ең мықты төлқұжат қай елдікі?

4068

Қазақстан 123-орынға тұрақтады. 

Әлемдегі ең мықты төлқұжат қай елдікі? Фото: inbusiness.kz

Nomad Capitalist консалтинг компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең "мықты" төлқұжат рейтингінде Швейцария көш бастады. Қазақстандық паспорт 199 төлқұжат ішінде 123-орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғашқы үштік қатарында Ирландия мен Португалия бар. Үздік ондыққа Люксембург, Финляндия, БАӘ, Нидерланды, Норвегия, Германия, Жаңа Зеландия, Исландия, Италия және Греция елдері енді. АҚШ рейтингте 44-орында.

Nomad Capitalist сарапшылары төлқұжаттың "күшін" бес өлшем бойынша бағалайды, Атап айтқанда, құжат иелері үшін визасыз режим, тұрғылықты елдегі салық салу, жаһандық имидж, қос азаматтық алуға мүмкіндіктің болуы және жеке бостандық. Оның ішінде сөз бостандығы мен әскери қызмет қажеттілігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу