Әлемдегі ең үлкен рубин 34,8 миллион долларға сатылды

368

Бұл оқиға Нью-Йоркте болды.

Әлемдегі ең үлкен рубин 34,8 миллион долларға сатылды Фото: CNN

55,22 караттық рубин аукционда сатылған ең үлкен және ең құнды асыл тас ретінде тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Тас Мозамбиктегі шахталардың бірінен табылған. Оның құны 34,8 миллион долларға бағаланды.

Sotheby's аукцион үйі асыл тасты "өте сирек кездесетін" және нарықта пайда болған "ең құнды және маңызды" рубин деп атады. Тастың атауы – Estrella de Fura, ол португал тілінен аударғанда "фура жұлдызы" деп аударылады.

Рубиндер – әлемдегі ең сирек кездесетін және құнды асыл тастың бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу