Әлемдегі ең ықпалды саясаткерлер белгілі болды

3929

Әлемдегі ең ықпалды саясаткерлер белгілі болды

Ресей президенті Владимир Путин америкалық Forbes журналы жасаған жылсайынғы рейтингте осымен төртінші рет әлемдегі ең ықпалды саясаткерлердің көшін бастады. Биыл екінші орында – АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп, ал үшінші орында – Германияның федералдық канцлері Ангела Меркель тұр, деп жазады DW.

Басылым жазғандай, "Ресей президенті жер шарының түгелге дерлік еліне өз ықпалына көрсете білді", сонымен бірге "Ресейден бастап Сирияға дейін, тіпті АҚШ-тағы сайлауда да Путин өз қалауын орындады". Ресейдің 64 жастағы басшысы "жаһандық конвенциялар ережелерімен шектеліп қалмайды, оның ықпалы соңғы жылдары арты түсті", делінген басылымда.

Рейтингте екінші орынды иеленген Дональд Трамп туралы басылым былай дейді: "дау-жанжалға бейім, Конгрестің қос палатасындағылардың басым көпшілігі оны жақтайды, ал оның жеке капиталы миллиардтап есептеледі". Ықпалды саясаткерлердің 2015 жылғы рейтингінде Дональд Трамп 72 орында болған.

Ал  2016 жылдың рейтингінде Еуропадағы ірі экономиканы он бір жылдан бері басқарып келе жатқан және 2017 жылы өтетін сайлауда ГФР үкімет басшысы тағына өз кандидатурасын тағы ұсынуды құп көрген  ГФР канцлері Ангела Меркель үшінші орыннан көрінді. Басылым маусым айында Ангела Меркельді әлемдегі ең ықпалды әйел деп атаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу