banner

Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады – Райымбек Баталов

951

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Райымбек Баталов әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысына қалай әсер ететіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады – Райымбек Баталов

Оның айтуынша, бүгінде жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысы қиындаған.

"Геосаяси жағдайдың ушығуынан логистикамен айналысатындар зардабын тартып отыр. Кейбір жерде байланыс үзіліп жатыр, бұл өзекті мәселе болып саналады. Мұны үнемі Үкіметпен талқылап жатырмыз. Тіпті кейбір мәселелерді шұғыл шешіп жатырмыз", – деді төралқа төрағасы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кулуарында.

Райымбек Баталов банк және қаржы секторында шешілмеген мәселе барын жеткізді.

"Қазақстан аумағында жұмыс істеген ресейлік банктер мәселесі де шешіле бастады. Жалпы әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Себебі қазақстандық бизнестің үлесі аз секторлар, тіпті бұрын бұл салаларға кіре алмаса, қазір онда жұмыс істеу мүмкіндігі туып жатыр", – деді төралқа төрағасы.

Ол бүгінде Қазақстан нарығында Ресей, Украинаның ғана емес, шетелдік инвесторлар тарапынан белсенділік артқанын жеткізді.

"Өйткені біз және бизнес Қазақстан нарығындағы тұрақтылық пен еліміздің Қытай мен ТМД елдері сынды ірі екі нарықтың ортасында орналасуы нарыққа қызығушылықты арттырады деп ойлаймыз. Сондықтан мүмкіндіктер бар. Менің ойымша, бұл мүмкіндіктерді пайдалану керек. Жалпы елде саяси өзгерістер болып жатыр. Мұны бизнес оң қабылдауда. Экономикалық өзгерістердің болғаны да маңызды. "Атамекен" ҰКП-ның бұл мәселеде өз ұстанымы бар", – деп сөзін түйіндеді Райымбек Баталов.

Дәурен Ерболат 

Фото: Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу